ИММУНОЛОГ ВАКЦИНАЛАРДЫҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

 Қазақстанда да әлем елдері сияқты вакцинаға қатаң талаптар қояды.Сондықтан вакциналарды тіркеу мен сараптамадан өткізу процесі көп кезеңді жәнееңбекті қажет етеді.Бірақ коронавирусинфекциясына қарсы вакцина өндірісі жедел жүзеге асырылғанымен, қауіпсіздік хаттамалары ескеріді. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор ЖаннатСатыбалдиева мәлімдеді.

«COVID-19 вакциналарының өндірісі бүкіл әлемде инфекцияның өршіп, адам өліміушыққан уақытта өте шұғыл жағдайда өтті. Сонымен қатар, фармацевтикалық компаниялар ғаламдық проблемаға байланысты вакцинаны тез әзірлеуге айтарлықтай ресурстар жұмсады. Бірақ компаниялар қауіпсіздік хаттамаларын айналып өткен жоқ», - деп сендірді Ж.Сатыбалдиева.



Атап айтқанда, Гамалеи атындағыЭпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығында жасалған «Спутник V» вакцинасыалдыңғы әзірлемелерге сүйенді. Пандемиядан бұрын орталық SARS-CoV-2 коронавирусын қамтитын РНҚ-сы бар конверттелген вирустарға қарсы вакциналар мен препараттар жасаудың технологиялық платформасын ашты.

Вакциналардың қауіпсіздігі мен сапасын тексеру өндіріс жағдайларын бағалаудан басталады. Сонымен қатар, ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес құжаттарға сараптама жүргізіледі. Бұл деңгейде вакциналардың сапасы және клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер талданады. Сондай-ақ, осы вакцинаның сапасын зерттейтін зертханалық тексерулер міндетті болып табылады.

«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетімен бірлесіп вакциналарды қолдану кезеңінде оларға тұрақты фармакологиялық қадағалау жүргізеді. Сондай-ақ, аталмыш орталық вакциналарға жағымсыз реакцияларға карта-хабарламаларды тіркейді, әрбір нақты жағдай бойынша мұқият талдау жүргізіледі және сарапшылардың қорытындысы беріледі», - деп уәде берді сарапшы.