Ана мен бала денсаулығын қорғау еліміздің денсаулық сақтау саласындағы басым бағыт және Мемлекет басшысының қатаң бақылауында тұр.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексте жүкті әйелдің құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Бұл, ең алдымен, өз денсаулығын және әлі туылмаған баланың денсаулығын қорғауға, жүктілік кезінде, босану кезінде және одан кейін медициналық көмекке құқығы.
КТ – бұл қазіргі заманғы диагностиканың ең тиімді және дәл жасалынатын әдістерінің бірі болып табылады, ол дененің зерттелген аймағының көлемді бейнесін алуға мүмкіндік береді және қалыпты рентгенографияда анықталмайтын ауытқуларды анықтай алады.
Науқаста КТ жасау үшін тиісті денсаулық көрсеткіштері және учаскелік дәрігердің жолдамасы болған жағдайда зерттеу МӘМС есебінен жүргізіледі.
МӘМС пакетімен қарастырылған стоматологиялық көмек тек балалар мен жүкті әйелдерге ғана тиесілі емес. Шұғыл стоматологиялық көмекті қажет болған жағдайда азаматтардың 9 түрлі санаты ала алады.
Магнитті-резонанстық томография-бұл рентген аппараттары мен компьютерлік томографиядағыдай иондалған сәулеленуді емес магнит өрісі мен радио толқындарын қолданатын, инвазивті емес, заманауи, еш ауыртпалықсыз және зиянсыз жасалынатын диагностикалық әдіс.
МРТ медициналық бейнелерді алуға және олардың көмегімен ісік дамуының аномалияларын, қабыну және дегенеративті, жарақаттан кейінгі және неопластикалық өзгерістерді визуалды диагностикалауға мүмкіндік береді.
Науқаста МРТ жасау үшін тиісті денсаулықтың көрсеткіштері және учаскелік дәрігердің жолдамасы болған жағдайда ол МӘМС есебінен жүргізіледі.
Көбінесе сараптама жасап, осы дәрумендерді анықтамай диагноз қойылмайды. Сондықтан тексеруге көрсетілімдер болған жағдайда әрбір сақтандырылған пациент сараптаманы МӘМС есебінен өте алады.
Учаскелік дәрігердің жолдамасы болуы қажет.