Мобилдік бригадалар жұмысының қағидаларына енгізілген өзгерістер

 Жедел жәрдемнің келуін ұзақ күту бойынша шағымдарға байланысты және шұғыл қызмет жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі емханалар жанындағы жеделділіктің 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсететін мобилдік бригадалар жұмысының қағидаларына өзгерістер енгізеді.

Бұл өзгерістер ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді және азаматтардың 103 нөмірі бойынша шұғыл көмекке шақырту құқығын шектемейді.

«Промышленный» ауданының белсенділерімен кездесу

25.04.2025 ж. №15 ҚЕ Директоры пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметімен, невропатолог дәрігермен және скрининг кабинетінің медбикесімен бірлесіп «Промышленный» ауданының белсенділерімен кездесу өткізді. Тұрғындармен проблемалық мәселелер талқыланды. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, вакцинацияның маңыздылығына және скринингтен өтуге ерекше назар аударылды. Белсенділердің барлық сұрақтарына толық түсіндірмелермен жауаптар берілді.

Ақпараттық бюллетень: сіреспе

          

Жүктілікке дейін және жүктілік кезіндегі вакцинация

       

Дүниежүзілік иммундау апталығы

Сәуірдің соңғы аптасында жыл сайын Дүниежүзілік иммундау апталығы атап өтіледі, оған барлық континенттердегі 180-ден астам ел қолдау көрсетеді. Вакцинациялау бүкіл әлемде инфекциялармен күресудің ең тиімді, үнемді және қолжетімді құралы ретінде танылды.

Жыл сайынғы иммундау апталығының мақсаты халықтың назарын аудару және иммунопрофилактиканың адамдардың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін маңызы туралы хабардар ету.