
Шын жүректен сіздерді бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!
Оқып және оқытып жүргендердің барлықтарына табысты ынтымақтастық, өзара сыйластық, оқушылар мен студенттерімізге табандылық, жаңа білімге жетуде нық сенім, ал ата-аналар мен ұстаздарға даналық, шыдамдылық, бақыт пен береке тілейміз!

Құрметті отандастар!
Ата заң - мемлекетіміздің мызғымас тірегі әрі еліміздің саяси және қоғамдық құрылысын, айнымас құндылықтары мен даму жолындағы стратегиялық бағытбағдарын айқындайтын баста құжатымыз. Конституциямыз ұлтты ұйыстырудың нағыз символына айналды.
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілейміз!
29.08.2025ж. жоспары бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру мектебінде сабақ өткізілді.
Дәріскер №15 ҚЕ невропатолог Абдикадирова Ж.Б. болды.
Қатысқандардың барлығына медбике қан қысымы мен қантты өлшеді.
Әрқайсысына көрсеткіштер түсіндіріліп, дұрыс тамақтану бойынша ұсыныстар берілді.
 
2025 жылғы 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) ұйымдарына халықты тіркеу бойынша жыл сайынғы науқан өткізіледі.
Тіркеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Ақпарат алу үшін байланыс нүктелері: