27.06.2025ж. жоспар бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру мектебінде сабақ өткізілді. Дәріскер №15 ҚЕ акушер-гинеколог дәрігері Баранбаев С.О. болды.
Қатысқандардың барлығына медбике қан қысымы мен қантты өлшеді. Әрқайсысына көрсеткіштер түсіндіріліп, ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, Директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Муканова Р.К.
"Промышленный" ауданының белсенділерімен кездесу өткізді. Тұрғындармен проблемалық мәселелер талқыланды. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Белсенділердің барлық сұрақтарына толық түсіндірмелермен жауаптар берілді.
Бүгін Парламент Сенатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды.
Бұл – Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асырудағы маңызды қадам.
Бас прокуратурада «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орайластырылған Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.
Кеңес алаңында есірткінің заңсыз айналымына байланысты қазіргі заманғы сын-қатерлер қаралып, оларды ұлттық және халықаралық деңгейде бейтараптандыру бойынша бірлескен шаралар әзірленді.
Бүгін «AMANAT» партиясы «Алматы» аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтайлақова Гүлмира Нұрланқызы, Астана қаласы Мәслихатының депутаты Байсеркина Динара Сатжанқызы және «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы эксперті Мыңбаев Дулат Тайгельтирович №15 қалалық емханасының ұжымымен кездесу өткізді.