Туберкулез туралы ақпарат

Туберкулезден емделуге және толығынан айығуға болады. Дәрілерге сезімтал белсенді түрдегі туберкулезбен ауырғандарды, денсаулық сақтау қызметкері немесе арнайы дайындықтан өткен ерікті көмекші тарапынан қолдау қамтамасыз етілген жағдайда, микробқа қарсы төрт дәрі-дәрмектермен алты ай барысында стандартты түрде емдейді.

Мұндай қолдаусыз емдеу сұлбасын сақтау қиынырақ.

ДДҰ бағалауы бойынша, 2000 жылдан бастап туберкулезді диагностикалау және емдеудің арқасында 63 миллион адам өлімнен құтқарылған.

Туберкулез дегеніміз не?

Туберкулездің белсенді түрі пайда болған кезде, адамда жөтел, қызба, түнгі тер немесе салмақ жоғалту сияқты белгілер бірнеше ай бойы қалыпты жағдайда сақталып қала беруі мүмкін.

Бұл жағдай барып медициналық көмекке кешігіп жүгіну және бактерияларды басқа адамдарға тарату мүмкіндігін туғызады.

Бір жыл ішінде туберкулездің белсенді түрімен ауырған адам тығыз байланыста болған 5-15 адамға жұқтыруы мүмкін.

Тиісті емделусіз туберкулезбен ауырған адам иммунитеті тапшылығының вирусы (АИТВ)-теріс адамдардың орта есеппен 45%  және АИТВ-оң адамдардың барлығы дерлік өледі.

Сондықтан өз денсаулығыңыэға мұқият қарауыңыз керек!

Ашық есік күні!

Бүгін №15 қалалық емханада Халықаралық қарттар күніне орай біздің емделушілерге құрмет көрсетілді. Қарттар күні қарсаңында емхананың мамандары "Промышленный" тұрғын үй алабының әкімдігімен бірлесіп, емделушілерімізді мерекелік түскі асқа шақырды. Демеуші cол алаптағы кафе иесі болды.

Мерекелік іс-шарада біздің мамандарымыз қонақтарға арнап ән айтып, барлық қатысушылардың көңіл-күйін көтерді.

Сондай-ақ, 2 қазан күні емхана қабырғасында Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Ашық есік күні өтті. Біздің 13 емделушімізге медициналық көмек үйлерінде (сонымен қатар оларға шағын сыйлықтар берілді) және  №15 емхананың өзінде көрсетілді. Барлық емделушілерге  қажеттілігіне қарай УДС-тексерулер, ЭКГ және басқа да диагностикалық қызметтер тағайындалды.

«Ашық есік күніне» шақырамыз

Құрметті №15 қалалық емханасының емделушілері  сіздерді Халықаралық қарттар күні мен мүгедектер күніне арналған «Ашық есік күніне» шақырамыз. 
 
Пациенттердің көрсетілген санаттарына арналған науқан сағат 8:00-ден 16:00-ге дейін-2 қазанда өтеді. 
 
Өтетін орны: Қошқарбаев көшесі, 64.
 
Байланыс телефондары: тіркеу орны - 26-64-14; әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі -76-97-84.

МӘМС есебінен жасалатын МРТ: тексеруден кім және қалай өте алады?

Магнитті-резонанстық томография-бұл рентген аппараттары мен компьютерлік томографиядағыдай иондалған сәулеленуді емес магнит өрісі мен радио толқындарын қолданатын, инвазивті емес, заманауи, еш ауыртпалықсыз және зиянсыз жасалынатын  диагностикалық әдіс.

МРТ медициналық бейнелерді алуға және олардың көмегімен ісік дамуының аномалияларын, қабыну және дегенеративті, жарақаттан кейінгі және неопластикалық өзгерістерді визуалды диагностикалауға мүмкіндік береді.

Науқаста МРТ жасау үшін тиісті денсаулықтың көрсеткіштері және учаскелік дәрігердің жолдамасы болған жағдайда ол МӘМС есебінен жүргізіледі.