Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Сақтандыруы жоқ Қазақстан азаматтарының 1 шілдеге дейін МӘМС жүйесінде медициналық көмекті ұзарту құқықтарына ие болғаны белгілі. Осы кезеңде барлық қазақстандықтар шартты түрде сақтандырылған деп есептеледі. 2,5 млн аса адам үшін мемлекеттің қолдауы осындай.
Қазір Қазақстанда 16,4 млн адам сақтандырылған болып табылады. Оның ішінде 11 млн–ы мемлекет жарна төлейтін әлеуметтік жағынан осал азаматтар. Осылайша, ел халқының жартысынан астамы автоматты түрде сақтандырылған.
Ал сіз МӘМС қатысушысы болып табыласыз ба?
Өз мәртебеңізді медициналық сақтандыру жүйесінде тексеруге болады: www.egov.kz сайтында ЖСН нөмірі бойынша, аумақтық ХҚКО-ға жеке өзі келгенде немесе SaqtandyryBot – телеграмм ботты пайдалану арқылы.
Ұсынылатын нормалар бойынша соңғы жарна жүргізілген айдан бастап 3 ай ішінде МӘМС-те медициналық көмек алу құқығы сақталады, бұл ретте 3 ай ішінде жарналарды төлеу міндеттемесі (берешек) сақталады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарнасын мемлекет төлейтін 15 жеңілдік санаты бар. Осы санаттарға кіретін тұлғалар төлемнен босатылады және медициналық көмекті МӘМС пен ТМККК пакеттері бойынша медициналық көмек ала алады.
Сіз бұл тізімге қалай кіресіз?
1) медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебені www.egov.kz сайтында ЖСН нөмірі бойынша немесе аумақтық ХҚКО-ға жеке өзі келгенде не болмаса SaqtandyryBot- телеграмм ботты пайдаланып тексеру керек;