Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Жауап:
Коронавирустар-бұл жануарлар арасында да, адамдар арасында да таралған вирустардың үлкен тобы.
2019 жылғы жаңа коронавирус (COVID-19) - бұл Қытай, Ухань қаласында алғаш рет анықталған жаңа коронавирустық пневмонияның өршуіне себеп болатын вирус.
Қытай, Ухань қаласында аурудың өршуі кезеңінде сырқаттанғандардың көбі теңіз өнімдері мен жануарлардың ірі көтерме сауда базарына байланысты болды, бұл жабайы жануарлардан алғашқы жұқтыруды болжамдайды.
Жауап:
Бұған дейін коронавирустар аурудың өршуін тудырды, оның ішінде олар себеп болды:
- 2002 -2003 жылдары ауыр жіті респираторлық синдром (ТОРС) немесе SARS 37 елде 8 мыңнан астам адам ауырып, оның 800-ден астамы қайтыс болған;
- Таяу шығыс респираторлық синдромы немесе MERS. 2012 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде 27 елде 2 мыңнан астам адам сырқаттанып, оның 780-і қайтыс болды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Qoldau-24/7 мобильдік қосымшасын іске қосты. Бағдарлама тұрғындардың өтініштерін тіркеу нөмірін бере отырып өңдейді және тіркейді. Кейін өтініштерді сараптамалық бағалау, шешім қабылдау және қалыптасқан жағдайда толық талқылау үшін тапсырады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халықпен кері байланыстың бірнеше түрін ұсынады. МӘМС жүйесі іске қосылғаннан бері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына 1406 нөміріне 40 мыңнан астам қоңырау түсті. Енді пациенттер жаңа «Qoldau-24/7» мобильді қосымшаның көмегімен шағым қалдыра алады.
Тұрғындардан түскен барлық шағымдар тіркеуге алынып, әрі қарай өңделіп, жолданымдар тізіміне енгізіледі. Қажет болған жағдайда, жолданымдар белгіленген мерзімде талдаудан өтіп, шешім қабылдану үшін сарапшы мамандарға жіберіледі.
Сонымен қатар пациенттер Қордың әр аймақтық филиалында ұйымдастырылған азаматтарды қабылдау бөлмелеріне жүгіне алады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүйелі түрде тұрғындардан келіп түскен жолданымдарды мұқият қадағалап, апта сайын ең маңызды сұрақтар жинағы сараптамадан өтіп, олар бойынша жүйелік шешімдер қабылдайды.
Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарна ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы мөлшерінде белгіленді, бұл салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған немесе салық заңнамасына сәйкес әрекетсіз деп танылған ЖК-ді қоспағанда, кез келген ЖК үшін айына 2 975 теңгені құрайды.
Салық заңнамасына сәйкес салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін 2020 жылдан бастап, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна төлеу бойынша міндеттеме жеке тұлғалар үшін — ең төменгі жалақының 5% мөлшерінде (2 125 теңге) пайда болады.
Егер жеке кәсіпкер нөлдік декларацияны тапсырса, онда ол бәрібір өзі үшін жарналарды төлеуге міндетті, өйткені мемлекеттік кіріс органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұр.