Халықаралық балаларды қорғау күнін

Бүгін 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай біздің емханада іс-шара ұйымдастырылды. Балаларға түрлі-түсті қарындаштар берілді. Ең жақсы суреттер үшін олар сыйлықтармен марапатталды. Ән шырқалып, балалар би биледі. Әндерді орындағаны үшін біздің кішкентай пациенттеріміз де ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Ата-аналар осындай мереке үшін жоғары білікті медбике, УПМ бойынша үйлестіруші Ксения Анатольевна Умирзакова мен жоғары білікті, баланы дамыту кабинетінің жоғары санатты медбикесі Жанылдық Кадешевна Жүсіпбековаға алғыстарын білдірді.

Қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат

Назар! Судағы қауіпсіздік ережелері

Құрметті ата-аналар! Ауа райынының жылынуы мен жаздың келуіне байланысты суда шомылу уақыты да басталды. Алайда, суға түскен кезде (ашық су алаңдары, бассейндер, т.б.) кейбір сақтық шараларын сақтау шарт! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

Біздің қызметкерлер референдумға қатысу үшін оқудан өтті

Біздің қызметкерлеріміз референдумға №91 мектепте байқаушы ретінде қатысу үшін оқудан өтті.

Өзгеріске дауыс бер!