16 млн астам қазақстандықтар МӘМС жүйесінде қатысады

Сақтандыруы жоқ Қазақстан азаматтарының 1 шілдеге дейін МӘМС жүйесінде медициналық көмекті ұзарту құқықтарына ие болғаны белгілі. Осы кезеңде барлық қазақстандықтар шартты түрде сақтандырылған деп есептеледі. 2,5 млн аса адам үшін мемлекеттің қолдауы осындай.

Қазір Қазақстанда 16,4 млн адам сақтандырылған болып табылады. Оның ішінде 11 млн–ы мемлекет жарна төлейтін әлеуметтік жағынан осал азаматтар. Осылайша, ел халқының жартысынан астамы автоматты түрде сақтандырылған.

Ал сіз МӘМС қатысушысы болып табыласыз ба?

Өз мәртебеңізді медициналық сақтандыру жүйесінде тексеруге болады: www.egov.kz сайтында ЖСН нөмірі бойынша, аумақтық ХҚКО-ға жеке өзі келгенде немесе SaqtandyryBot – телеграмм ботты пайдалану арқылы.

Мемлекеттік қызмет "Бала туу"

Жұмыс ауыстырған кезде (МӘМС)

Ұсынылатын нормалар бойынша соңғы жарна жүргізілген айдан бастап 3 ай ішінде МӘМС-те медициналық көмек алу құқығы сақталады, бұл ретте 3 ай ішінде жарналарды төлеу міндеттемесі (берешек) сақталады.

Мемлекет төлейтін 15 жеңілдік санаты бар

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарнасын мемлекет төлейтін 15 жеңілдік санаты бар. Осы санаттарға кіретін тұлғалар төлемнен босатылады және медициналық көмекті МӘМС пен ТМККК пакеттері бойынша медициналық көмек ала алады.

Сіз бұл тізімге қалай кіресіз?

1) медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебені www.egov.kz сайтында ЖСН нөмірі бойынша немесе аумақтық ХҚКО-ға жеке өзі келгенде не болмаса SaqtandyryBot- телеграмм ботты пайдаланып тексеру керек;

Коронавирус бойынша жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар

  1. Сұрақ: коронавирус деген не?

Жауап:

Коронавирустар-бұл жануарлар арасында да, адамдар арасында да таралған вирустардың үлкен тобы.

2019 жылғы жаңа коронавирус (COVID-19) - бұл Қытай, Ухань қаласында алғаш рет анықталған жаңа коронавирустық пневмонияның өршуіне себеп болатын вирус.  

Қытай, Ухань қаласында аурудың өршуі кезеңінде сырқаттанғандардың көбі теңіз өнімдері мен жануарлардың ірі көтерме сауда базарына байланысты болды, бұл жабайы жануарлардан алғашқы жұқтыруды болжамдайды.

  1. Сұрақ: әлемде коронавирус тудырған аурудың бұрын ұқсас жағдайлары болды ма?

Жауап: 

Бұған дейін коронавирустар аурудың өршуін тудырды, оның ішінде олар себеп болды:

- 2002 -2003 жылдары ауыр жіті респираторлық синдром (ТОРС) немесе SARS 37 елде 8 мыңнан астам адам ауырып, оның 800-ден астамы қайтыс болған;

- Таяу шығыс респираторлық синдромы немесе MERS.  2012 жылдан  бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде 27 елде 2 мыңнан астам адам сырқаттанып, оның 780-і қайтыс болды.