ҚР Тұңғыш Президентi күні

Барша қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймыз, өркендеу мен амандық тілейміз!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстанда алғашқы бүкілхалықтық президент сайлауы өтті. Оның нәтижесінде халықтың қолдауына ие болған Н.Ә. Назарбаев ел Президенті болып сайланды.

Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде Н.Ә. Назарбаев былай деді: «Біз бастан өткеріп отырған осындай ғаламат тарихи өзгерістердің куәлары және қатысушылары болу кез келген ұрпақтың үлесіне тие бермейді. Бізді біріктіріп, алға жетелейтін идея – еркін демократиялы егемен мемлекет құру. Мың жылдық қазақ тарихында тұңғыш рет өз Президентін бүкіл халық болып сайлаған республика азаматтары желтоқсанның 1-і күні, тегінде, сол идея үшін дауыс берген болатын».