Әлеуметтік қызметкерлер жүкті әйелдермен әңгіме жүргізді

26.02.2018 ж. әлеуметтік қызметкерлер «Бала күтіміндегі демалыс 2018 және Қазақстандағы балаларға жәрдемақы. Қазақстандағы жүктілік және босану бойынша жәрдемақылар, ҚР заңнамаларындағы өзгерістер» тақырыбында әңгіме жүргізді. 

Барлық жүкті әйелдер, жұмыс істесе де, істемесе де, жеңілдіктер мен жәрдемақылар алуға құқылы. Қаржылай көмекке мемлекет кепілдік береді, дегенмен бұл көмектің көлемі әйелдердің ресми жұмысқа орналасуына байланысты беріледі. Жүкті әйелдерге қандай жәрдемақылар төленеді және оларды алу үшін не қажет? 

Бала туу бойынша жәрдемақы – бұл жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін аналарға әлеуметтік көмек . Толық ақпаратты біздің сайттан http://niet-astana.kz ала аласыздар.

Қазақстандықтар МӘМС төлемдерін онлайн тәртіпте тексере алады

Аталған мемлекеттік қызмет қазақстандықтар үшін биыл қолжетімді болады. Бұл жаңалық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту шеңберінде іске асырылады. Қызмет «электронды үкімет» порталында және Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді болады. Әрбір азамат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өзі үшін жасалған аударымдарды қадағалау мүмкіндігіне ие болады.  

Сонымен қатар, 2018 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарды емханаларға тіркеу бойынша мемлекеттік электрондық қызметті ұсынатын технологияны жетілдіруді жоспарлап отыр.

Отбасында сәбиге күтім жасау

«ҚР міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі» бойынша ақпараттың түсіндіру жұмы өтті

2018 жылғы 10-шы қаңтардағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақсатн халқына жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» түсіндіру мақсатында, сонымен қатар «ҚР міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі» бойынша ақпараттың түсіндіру жұмысына байланысты 6-шы ақпанда ОДО «Ниет» бас дәрігері А.Н.Жамбурчиновамен СӨС дәрігері К.К.Ташимовамен бірлесе отырып «Промышленный» алабы тұрғындарымен кезекті кездесу өткізілді.

А вирусты гепатитінен сақтану керек!

А вирусты гепатит- бұл бауырдың зақымдануымен және ағзаның уыттануымен сипатталатын жіті ішек инфекциясы. Қазіргі кезде бұл аурудың қоздырғыштары 5 түрлі вирустар анықталған. Олар: А,В,С,Д,Е вирустары болып табылады. Бұл вирустар бөлме температурасында бірнеше апта, +40С бірнеше ай, - 20С бірнеше жылға дейін сақталады. Ультракүлгін жарықтарға және түрлі дәрілеу құралдарына сезімтал. Қайнатқанда тез бұзылады.

Бүкіл әлемде вирусты гепатит көп тараған ауру болып табылады. Бұған 2 фактор мүмкіндік туғызады, атап айтқанда 1-шіден таралу жолдарының көптігі. Вирустың таралу жолдарына байланысты гепатиттер екі топқа бөлінеді.