туберкулезбен күреске арналған айлық шеңберінде

27 ақпан күні туберкулезбен күреске арналған айлық шеңберінде Промышленный тұрғын алабының тұрғындарын профилактикалық флюроқадағалау бойынша жұмыс жүргізілді.

МӘМС ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАМТИДЫ?

МӘМС жүйесінде сақтандырылған адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болады. МӘМС келесі медициналық қызметтерді қамтиды:

  • профилактикалық медициналық тексерулер
  • учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі
  • созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы
  • халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету
  • диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ)
  • мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек
  • медициналық оңалту
  • стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

157-бап. Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсету

1. Мемлекет туберкулезбен ауыратын адамдарға:

1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмекке және дәрілік қамтамасыз етуге;

2) әлеуметтік және құқықтық қорғауға;

3) ауруының сипатына байланысты қандай да бір кемсітушілік нысандарына жол бермеуге;

4) балалар арасында туберкулездің ауыр, жіті өршитін түрлерімен ауруды төмендету жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға кепілдік береді.

Туберкулез дегеніміз не?