ЖОЛДАУЛАР

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

2018 жылғы 5 қазан

 ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ

Құрметті қазақстандықтар!

Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік.  Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргіздік.   Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік. Біз өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын жауапты әрі қалаулы халықаралық серіктес ретінде танылдық. Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасынан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған бірінші мемлекет болды.  Біз Еуразия өңірінің қаржылық, іскерлік, инновациялық және мәдени орталығы ретінде қалыптасуын қамтамасыз етіп, жаңа елордамыз – Астананы салдық. Халық саны 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетті. Біз берік экономикалық негіз қалыптастырдық.  Соңғы 20 жыл ішінде елімізге 300 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

ҚЫЗЫЛША

ҚЫЗЫЛША – кең таралған жіті инфекциялық ауру,  дене қызуының  көтерілуі, мұрын, көз, тамақ қабыну, теріде бөртпе пайда болу белгілерімен сипатталады.

Аурудың себептері: Қызылша вируспен өрбиді, ол дезинфекциялау құралдары әсерінен ультракүлгін сәулесін қыздырғанда тез өледі.

Инфекция көзі-тек қана науқас  адам,  ол жасырын кезеңнің соңғы екі күнінде, бөртпе шыққаннан кейінгі 5 күнге дейін  қоршаған адамдар үшін қауіпті.

Берілу жолы - ауа-тамшы арқылы. Вирус сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру адамның сілекейінен сыртқы ортаға түседі.

Құрметті қала тұрғындары! Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК-ға 2018 жылғы 15 қыркүйектен бастап азаматтарды медициналық ұйымға тіркеу науқаны басталады.

Хабарландыру

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің  2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 «Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» ережелеріне сәйкес Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК  2018 жылғы 15 қыркүйектен бастап  азаматтарды медициналық ұйымға  тіркеу басталатыны жайлы хабарлайды.

Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК азаматтарды тіркеу  олардың тікелей немесе жазбаша жүгінуі бойынша сонымен қатар "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жеке куәлігі болған кезде жүзеге асырылады.

Он сегіз жасқа толмаған адамдарды бекіту, бекітілетін адамның және оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат болған кезде оның заңды өкілдерінің еркін нысандағы өтінішінің негізінде жүзеге асырылады.

Менингококтық жұқпа

 

 

 

Менингококтық жұқпа (инфекция) – бұл менингококк  қоздыратын ауру, іріңді менингит түрінде де болуы мүмкін.

Себебі.  Жұқпаның (инфекцияның) таратушысы ауру адам немесе менингококк иесі  сау адам.

Таралу жолдары - ауа-тамшылы. Ауруды жұқтыру  адаммен тығыз қарым-қатынаста  болады. 70% жағдайда  менингококкты  жұқтыру 0,5 м-ден кем қашықтықта жұғатаны дәлелденген.

Көбінесе балалар ауырады.  Аурудың кезеңдік көтерілуі 10 жыл интервалмен, әсіресе қысқы-көктемгі айларда ауру саны артады.

Аурудың даму процесі. Инфекциялық ену қақпасы мұрын жұтқыншақ болып табылады  Егер де жұқпа енген жерде  айқын реакция болмаса, онда ол менинкокк таратушы болып шектелуі мүмкін.  Егер де жұқпа енген жерлерде қабыну процесі дамыса, онда ол назофарингит (суық тию, тамағы қышу) түрінде болуы мүмкін. Менингококк адамдардың 5% көптеген орындарды бұзады және барлық ағзаға тарайды.

Аурудан жазылғаннан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.