Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Ағзаны трансплантаттау қажеттілігі туралы шешімді мультипәндік топ қабылдайды - пациент денесінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жағдайының ауырлығына байланысты қалыптасатын әртүрлі мамандар тобы. Егер олар трансплантаттауға көрсеткіштерді растаса, онда ақпаратты транспланттаушы үйлестірушілерге жібереді. Пациент күту парағына енгізіледі. Ол қайтыс болғаннан кейінгі донордан тіндік үйлесімділігі бар қажетті ағза пайда болғанша сол жерде болады.
Ағзаларды трансплантаттауды күту парағы – Қазақстанда ортақ.
Күту парағында транспланттау қажеттілігі туралы нақты шешім қабылданған адамдар тұрады (өңірдің денсаулық сақтау басқармасының немесе транспланттау орталығының жанындағы мультипәндік топтың хаттамалық шешімі, пациенттің медициналық картасынан үзінді көшірме (027/у нысаны) (қан тобын, резус факторын, пациенттің бойы мен салмағын көрсетумен, транспланттауға қарсы көрсетілімдердің болмауы), жеке куәлік.
Қазақстанда Халықаралық балалар обырына қарсы күрес күніне арналған хабардарлық апталығы өтуде.
2025 жылғы 10-17 ақпан аралығында Қазақстанда Халықаралық балалар обырына қарсы күрес күніне арналған хабардарлық апталығы өтуде. Акция шеңберінде бүкіл ел бойынша балалар обыры проблемасы туралы білімді арттыруға, пациенттердің отбасыларын қолдауға және қоғамның ынтымақтастығын дамытуға бағытталған ауқымды ақпараттық науқан ұйымдастырылды.