


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Қазақстанда күн сайын жатыр мойны обырына қатысты 5-тен астам жағдай тіркеліп, диагноз қойылады және күн сайын 2 әйел қатерлі ісіктен қайтыс болады. Жатыр мойны обыры гинекологиялық патологияда сүт безі қатерлі ісігінен кейін екінші орында тұр.
90-95% жағдайда жатыр мойны обырының даму себебі онкогендік типтегі адам папилломавирусы – 16 және 18-інші түрлері екені дәлелденді.