ҚР ДСМ деректері бойынша бүгінгі таңда Қазақстанда адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина 11-13 жас аралығындағы 83,7 мыңнан астам қызға егілді.
Инфекциялық және онкологиялық аурулар профилактикасының ұлттық бағдарламасының шеңберінде қазан айында қыздарды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау бойынша ауқымды науқан басталды. АПВ - бұл жатыр мойны обырын қоса алғанда, бір қатар онкологиялық аурулардың дамуымен байланысты ең көп таралған вирустардың бірі.
Қазақстанда жатыр мойны обыры (ЖМО) барлық жастағы әйелдердің арасында сүт безі обырынан кейінгі екінші және фертилдік жастағы (25-44 жас) әйелдер өлімінің екінші себебі болып табылады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүкті әйелдерге жүктілік және босануға байланысты кең ауқымды медициналық қызметтер ұсынады. Ол үшін сақтандырылған болу қажет.
Астана қаласындағы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы әрбір болашақ анаға пайдалы болатын толық ескертпе дайындады.
Жүкті әйел сақтандырылған мәртебесін қалай ала алады?
МӘМС жүйесінде мәртебе соңғы 12 ай ішінде ай сайынғы төлемдер болған жағдайда және осы кезең ішінде қарыздың болмауы арқылы беріледі немесе алдағы жылға алдын ала төлем жасағанда беріледі.
МӘМС шеңберінде медициналық көмекті қалай алуға болады және сақтандырылған қазақстандықтарға қандай қызметтер қарастырылған? Көбі тек салалық мамандардың қабылдауы мен талдауларға жолдама алуға болады деп ойлайды. Алайда МӘМС бойынша қызметтердің тізімі әлдеқайда ауқымды. Оған жоғары технологиялық операциялар, оңалту бағдарламалары және стоматологиялық көмек те кіреді. Бұл қызметтерді қалай алады? Қайда жүгіну керек? Қызметтерді тиімді пайдаланудың жолы қандай?
20 қарашадан 1 желтоқсанға дейін (Дүниежүзілік ЖИТС – ке қарсы күрес күні) елде ЮНЭЙДС «дұрыс жолды таңдаңыз - адам құқықтары жолы» ұранымен науқан өтеді. Әр адамның құқықтарын сақтау АИТВ-ға тиімді жауап берудің негізі болып табылады. Бұл Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні - әркімнің құқығын қорғау арқылы әркімнің денсаулығын сақтауға шақыру күні.