Репродуктивті денсаулық апталығы аясында №15 Қалалық емханада Ашық есік күні өтті. Әйелдер репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша акушер-гинекологтардан кеңес алды.
Іс-шараның мақсаты - гинекологиялық аурулардың алдын алу, әйелдердің ұрпақты болу жүйесі туралы хабардарлығын арттыру, тұрақты тексерулер және өмірдің барлық кезеңдерінде өзін-өзі күтудің маңыздылығы.
Репродуктивті денсаулық апталығы аясында жасөспірімдердің репродуктивті денсаулықтың маңыздылығы, қажетсіз жүктіліктің және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу әдістері, АИТВ-инфекциясы мен ЖЖБИ таралуының жоғарылауы және жатыр мойны обырын тудыратын адам папилломавирусының алдын алу қажеттілігі туралы хабардарлығының төмендігі сияқты мәселелерді шешуге бағытталған №15 Қалалық емхананың қызметкерлері №57 мектептің жоғары сынып оқушыларына сабақ өткізді.
Жыл сайын 12 мамырда бүкіл әлемде мейірбике күні аталып өтеді. Мейірбике ісі физикалық, интеллектуалдық және эмоционалдық тұрғыдан ең қиын және талапты мамандықтардың бірі болып табылады.
Әрқайсыңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Күнделікті қиын жұмыстарыңыз үшін, біліміңіз, шыдамдылығыңыз, мейірімділігіңіз бен пациенттерге қамқорлығыңыз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.