Осы мерекелік күні баршаңызға амандық, бақыт, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз! Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлденіп, еліміздің Мемлекеттік Туы биікте желбірей берсін! 
№15 Қалалық емхананың қызметкерлері инсульт кезінде ерте диагностика және уақтылы медициналық көмек мәселелері бойынша семинарға қатысты. Спикер ретінде № 2 Қалалық көпсалалы аурухананың инсульт орталығының басшысы Иманова А. сөз сөйледі.

2025 жылғы 02маусымнан 14 шілдеге дейін Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК (бұдан әрі – Кәсіпорын) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізілетін болаты.
Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілетін болады:
1) Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 15 қалалық емхана» МКК қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 15 қалалық емхана» МКК ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
 
30.05.2025ж. жоспары бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру мектебінде сабақ өткізілді. Дәріскер №15 ҚЕ геронтолог дәрігері Сыздыкова Г.К. болды.
Қатысқандардың барлығына медбике қан қысымы мен қантты өлшеді. Әрқайсысына көрсеткіштер түсіндіріліп, ұсыныстар берілді.
№15 Қалалық емханада Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ашық есік күні» өтті. 94 кішкентай пациент пен олардың ата-аналары педиатр, невропатолог, көз дәрігері, хирург/уролог, ЛОР дәрігері балаларының денсаулығы туралы кеңес алды. Дәрігерлер ата-аналарға балаларының денсаулығына қалай жақсы күтім жасау керектігін түсінуге көмектесу арқылы өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті.
Балалардың зеріктірмеуі үшін балалар сурет салуға қуанышты болатын көркем бұрыш ұйымдастырылды. Бұл қызықты ғана емес, сонымен қатар балалардың шығармашылығын дамыту үшін де пайдалы болды.