Жоғары сынып оқушыларына сабақ өтті

26.06.2024 ж. репродуктивті денсаулық апталығы аясында жасөспірімдердің репродуктивті денсаулықтың маңыздылығы, қажетсіз жүктіліктің және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу әдістері, АИТВ-инфекциясы мен ЖЖБИ таралуының жоғарылауы және жатыр мойны обырын тудыратын адам папилломавирусының алдын алу қажеттілігі туралы хабардарлығының төмендігі сияқты мәселелерді шешуге бағытталған №15 Қалалық емхананың "Ниет" Жастар денсаулық орталығының қызметкерлері №57 және №13 мектептердің жоғары сынып оқушыларына сабақ өткізді.

Іс-шараның мақсаты - жасөспірімдердің репродуктивті денсаулықтың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Суға батқан кезде дәрігерге дейінгі көмек алгоритмі

223/2020 бұйрығы, 6-тармағы, 17-тармақшасы бойынша суға батқан кезде дәрігерге дейінгі көмек алгоритмі:

1. ойланып, сабырлы және абайлап әрекет етіңіз;

2. көмек көрсетуші өзі жақсы жүзіп және сүңгуі керек, зардап шегушіні тасымалдау тәсілдерін білуі керек, оны қармауынан босатылып шығуды білуі керек;

3. жедел жәрдемді немесе дәрігерді шұғыл шақыру;

4. мүмкіндігінше ауыз бен жұтқыншақты тез тазалау (ауызды ашу, түскен құмды алып тастау, тілді абайлап тарту және ұштарын бастың артқы жағына байлайтын таңғышпен немесе орамалмен иекке бекіту);

Қадағалау кеңесінің мүшелігіне конкурстық іріктеу

Астана қаласы әкімдігінің «№15 қалалық емхана» ШЖҚ МКК, Астана қаласы әкімдігінің «Достық» АМСК орталығы» ШЖҚ МКК қадағалау кеңесінің мүшелігіне іріктеу жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №113 бұйрығына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда қадағалау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар Жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың біреуінің болуын қамтиды:

1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

Қадағалау кеңесінің мүшесі ретінде мына тұлғалар сайланбайды:

Терезеден құлау - балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі

Терезеден құлау - балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі. 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар терезеден құлау қаупіне ұшырайды. Бұл баланың өзі терезе алдында ойнаудың қауіптілігін әлі бағалай алмайтын жас. Құлау жағдайларының көпшілігі ата-аналар балаларын қараусыз қалдырған кезде орын алады.

Ата-аналарға баланы терезеден құлап кетуден қалай қорғау керектігі жөнінде кеңес береміз:

Діндерді зерттеу орталығының ақпараттық - түсіндіру тобының өкілдерімен кездесуі өтті

20.06.2024ж. №15 Қалалық емханада медицина қызметкерлерінің Діндерді зерттеу орталығының ақпараттық - түсіндіру тобының өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Қазақстан Республикасы - Зайырлы мемлекет екендігі атап өтілді. ҚР Конституцияның 1-бабына сәйкес ҚР басты құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде өзін орнықтырады. Зайырлылық – ол:

- мемлекеттің діннен және діни бірлестіктерден бөлінуі;

- азаматтардың дінге деген көзқарастарына қарамастан теңдігі;