Денсаулық сақтау министрлігі арнайы мамандарға және диагностикалық қызметтерге қол жеткізуді жеңілдетеді

Денсаулық сақтау министрлігі арнайы мамандарға жолдама алу тәртібін, диагностикалық емшараларға жазылуды, жалпы практика дәрігерлеріне бірнеше рет жүгіну қажеттілігін қайта қарайды, бұл медициналық ұйымдардағы пациенттер тарапынан шағымдардың ең көп үлесін тудырады.

Қазіргі уақытта созылмалы аурулары бар пациенттер үшін арнайы мамандарға қолжетімділік процесін едәуір жеңілдететін жаңа регламенттер дайындалуда, деп атап өтті Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ақмарал Әлназарова Астанада өткен кездесуде.

Министрдің айтуынша, процестерді оңтайландыру нәтижесінде қолданыстағы анықтамалардың 27 түрін қысқарту көзделген, рәсімдердің негізсіз түрлерін алып тастау мақсатында диагностика және емдеу хаттамалары қайта қаралуда.

Сонымен қатар, дәрігерлердің жүктемесін азайту үшін толтыруға арналған есептік нысандар жеңілдетіледі, олардың бір бөлігі орта медициналық персонал деңгейіне ауыстырылады.

Жасөспірімдерде салауатты өмір салтын қалыптастыру

Дәрігерлеріміз және психологтарымыз

Белсенді ұзақ өмір сүру мектебінде сабақ өткізілді

28.03.2024 ж. жоспары бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру мектебінде сабақ өткізілді. Барлық қатысушылар №15 ҚЕ гинеколог дәрігері С.О. Баранбаевтан кеңес ала алды.

Сондай-ақ, медбике А.К. Абденбаева қан қысымын, қантты және зәр қышқылының деңгейін өлшеді. Барлығына көрсеткіштер түсіндіріліп, ұсыныстар берілді.

Дүниежүзілік түбіркүлезге қарсы күрес күні!

Бүгін, 24 наурыз - Дүниежүзілік түбіркүлезге қарсы күрес күні!

Бұл күні, 1882 жылы неміс ғалымы Роберт Кох түбіркүлездің қоздырғышын анықтады, оны оның атымен «Кох бацилласы» деп атады.

Түбіркүлез - жұқпалы ауру. Түбіркүлез науқас адамнан ауа арқылы беріледі. Түбіркүлез тұқым қуаламайды!

Көбінесе өкпені зақымдайды, сондай-ақ сүйек тініне, буындарға, теріге, несеп-жыныс мүшелеріне, көзге зақым келуі мүмкін.

Түбіркүлездің алғашқы белгілерін білу өте маңызды:

- 2 аптадан астам жөтел

- кешке қарай 38-ге дейін шала қызулы температура