Құтырудың алдын алу. Жануар тістеген жағдайда не істеу керек?

Құтыру - жануарлар мен адамдарға үлкен қауіп төндіретін табиғи ошақты жұқпалы ауруы.

Адамдар арасында құтырма ауруы көбіненсе үй жануарларынан таралады. Әсіресе, қаңғырып жүрген үй жануарлары ит, мысық және жабайы жануарлар көп қауіп тудырады. Құтырма ауруы жануар тістегенде ғана емес, ауру жануардың сілекейі зақымдалған теріге немесе сілекей шырышына түскенде, сондай-ақ тұтас етті бұзу кезінде, ауру жануарлар сілекейлеген заттар арқылы жұғады. Құтырманың қоздырғышы жануардың сілкейінде ауру белгілері пайда болғанға дейінгі 10 күнде болатыны туралы білу – өте маңызды, сондықтан сырт қарағанда сау жануардың тістеуінен адам ауырады.

Жануардан зардап шеккен адамдарды құтыру ауруынан сақтап қалудың жалғыз тиімді жолы антирабиялық көмек көрсету (жараны өңдеу және иммунизация). Адамның құтыруын тек профилактикалық егулермен алдын алуға болады, олардың тиімділігі медициналық көмекке жүгіну мерзіміне байланысты.

Егер жануармен жанасудан аулақ болу мүмкін болмаса, атап айтқанда, жануар тістеген, тырнағаннан кейін, шырышты қабаттардың сілекейленген, тері зақымдалған жағдайда, тіпті жануардың сыртқы түрі сау болса да:

Аутизм ауруының белгілері қай кезде байқалады?

Аутизм ауруының белгілерін 3 жасқа дейін байқауға болады.

Аутизм спектрінің бұзылуы – бұл әлеуметтік өзара әрекеттесу мен қарым-қатынас көрсеткіштеріндегі сапалық ауытқулармен, сондай-ақ мүдделер мен әрекеттердің шектеулі, стереотиптік, қайталанатын кешенімен сипатталатын бұзылулар тобы. Бұл сапалық ауытқулар барлық жағдайларда жеке тұлғаның іс-әрекетінің жалпы сипаты болып табылады.

Аутизм спектрінің бұзылуы - бұл әлеуметтік өзара әрекеттесу, қарым-қатынас қабілетінің болмауымен, әлеуметтік бейімделуге әкелетін мінез-құлықтың стереотипімен сипатталатын психикалық дамудың күрделі дезинтеграциялық бұзылыстарының тобы. Науқастар фобиямен, қозумен, тамақтану тәртібімен және басқа да ерекше емес белгілермен сипатталады. Дүние жүзінде 160 адамның шамамен 1-і аутизммен ауырады деп саналады.

Вакцинация көкжөтелден қорғаудың сенімді әдісі

Көкжөтел жағдайларының көбеюі табындық иммунитеттің төмендеуімен байланысты.

АУРУДЫҢ ЕҢ КҮРДЕЛІ АҒЫМЫ ЖАС БАЛАЛАРДА БАЙҚАЛАДЫ

Көкжөтел ауа тамшылары арқылы, жөтелгенде, түшкіргенде, науқас сөйлескенде таралады.

ИНФЕКЦИЯНЫҢ КӨЗІ - ЕГІЛМЕГЕН БАЛАЛАР.

Вакцинация - инфекциялардан қорғанудың жалғыз жолы.

Сіздің балаларыңыздың денсаулығы сіздің қолыңызда екені есіңізде болсын!

КӨКЖӨТЕЛДІҢ БЕЛГІЛЕРІ

Алдымен балада жалпы суықтың белгілері пайда болады:

  • мұрыннан су ағу;
  • температураның көтерілуі;
  • қалыпты жөтел.

Бірте-бірте жөтел күшейіп, ұстама тәрізді болады, бірнеше рет қайталанады.

Қызылшаны алдын алудың жалғыз сенімді құралы-уақтылы вакцинациялау

Астанада қызылшамен сырқаттанушылықты тіркеу жалғасуда, осыған байланысты ата-аналар балаларында қызылшаға қарсы екпелердің болуын тексеруі қажет.

Вакцинациялау болмаған жағдайда, тіркелген жері бойынша емханада вакцинация алуды ұсынамыз.

ҚЫЗЫЛША АСҚЫНУЛАРМЕН ҚАУІПТІ

Қызылшаның белгілері ЖРВИ белгілеріне ұқсас: дене температурасының жоғарылауы, жөтел, аурудың 4-5 күнінен бастап бөртпе пайда болады.

Қызылша асқынулармен қауіпті: Энцефалит; Пневмония; Отит.

ҚЫЗЫЛШАНЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ СЕНІМДІ ҚҰРАЛЫ-УАҚТЫЛЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ.

Вакцинациялау 1 және 6 жастағы балаларға жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс

АНОНС АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ « № 15 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА» ШЖҚ МКК ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ АНОНС

Астана қаласы әкімдігінің « № 15 қалалық емхана» ШЖҚ МКК 2024 жылдың 3 маусымынан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлағанын хабарлайды.
Емхана қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу екі бағыт бойынша жүргізіледі:

1) Емхана қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Емхана ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Емхана қызметінде сыбайлыс жемқорлық тәуекелдері туралы хабарлама мен оларды жою бойынша ұсыныстарыңыз болған жағдайда комплаенс қызметі бойынша жауапты тұлға – Жалел Нурғали жүгінуіңізді сұраймыз:  8 778 320 81 50   Астана қ. Қошқарбаев даңғ. 64, 501-кабинет.