Дәрі-дәрмектердің жағымсыз әсерлеріне және қымбат құнына қалай шағымдануға болады?

Енді пациенттер мен тұтынушылардың өздерінде DariKZ мобильді қосымшасы арқылы дәрілік заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және препараттардың бағаларын белгілеу жағдайына ықпал ету мүмкіндіктері бар. Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ДЗ мен МБ СҰО қосымшаны жаңартты, оның көмегімен пациенттердің өздері дәріханалардағы бағалардың асыра қойылуы туралы және дәрілік препараттарға қолайсыз реакциялар жағдайлары жөнінде хабарлама жолдай алады. Сары картада міндетті түрде төрт ақпарат мазмұндалады: пациент, дәрі, оның жағымсыз әсері туралы және ол жөнінде кім мәлімдегені туралы.

Жемқорлыққа қарсы күрес!

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті базасында өткен кеңес

2023 жылғы 21 Маусымда №15 ҚЕ қызметкерлері Астана қаласы бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті базасында өткен кеңеске қатысты. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, диспансерлік есепте тұрған пациенттер ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ – 75 "ҚР белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығы бойынша №15 ҚЕ, Р. Қошқарбаев даңғылы, 64, №138 кабинетте тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды ала алады.

Құрметті тұрғындар!

Астана қаласы «№15 Қалалық Емхана» ШЖҚ МКК тіркелуге болады.

Өтінішті www.egov.kz электронды үкімет порталы арқылы онлайн түрде беруге болады, ол үшін ЭСҚ арқылы порталға кіріп, «Денсаулық сақтау» бөлімін, одан кейін «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға қосымшаны» таңдау қажет, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басыңыз және ЭСҚ арқылы қол қойыңыз.

Жеке кабинетте («Алынған қызметтердің тарихы» бөлімінде) 24 сағат ішінде келіп түсетін өтінішіңізді өңдеу туралы хабарламаны оқыңыз.

Назар! Хабарландыру!

Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөп өртеніп жатыр. Осыған байланысты қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды көшеге еш себепсіз шықпауға, пәтердің терезелерін ашпауға, көшеде бетперде тағып жүруге шақырады. Бұл ұсыныстар ең алдымен тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға қатысты.