Қазан – сүт безі обырына қарсы күрес айы

Осы нұсқауларды орындау арқылы сіз сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупін төмендете аласыз:

Темекі шекпеңіз

Салмағыңызды бақылаңыз

Алкогольді тұтынуды шектеңіз немесе болдырмаңыз

Баланы омырау сүтімен емізіңіз

Физикалық белсенді болыңыз

Радиацияның сәулелену әсерінен аулақ болыңыз

Толығырақ ақпарат https://bit.ly/3V0ev7F

Туберкулез жұқпалы және өте қауіпті!

Туберкулез - бұл туберкулез микобактериясы тудыратын жұқпалы ауру, оны ашқан ғалымның атымен Кох таяқшасы деп те атайды. Туберкулез көбінесе өкпені зақымдайды.

Туберкулездің алғашқы белгілері:

- тез шаршау және жалпы әлсіздіктің пайда болуы;

- тәбеттің төмендеуі немесе болмауы, салмақ жоғалту;

- қатты терлеу, әсіресе таңертеңгі кезде және негізінен дененің жоғарғы жағының қатты терлеуі;

- денеге аздап күш түскенде ентігудің пайда болуы;

- кешке дене қызуының шамалы көтерілуі;

- жөтелу немесе қақырықты жөтелу (қан араласуы мүмкін);

Damumed қосымшасы

Емхана сіздің дербес деректерді редакциялады, бірақ қосымшада әлі ескі деректер көрсетіле ме?

Дербес деректер Бекітілген халық тіркелімінен тікелей тартылатынын айта кетейік, оларды тек сіздің емхананың тіркеу бөлімі ғана өзгерте алады.

Аты-жөні, мекенжайы, байланыс нөмірі ауысқан кезде оларды Damumed қосымшасында өзектендіру үшін келесі нұсқауды орындау керек:

Скрининг: жатыр мойны обырын ерте анықтау

Жатыр мойны обыры алдын алуға болатын аурулар қатарына жатады. Себебі бұл дерттің даму қарқыны өте төмен, преинвазивті мерзімі ұзаққа созылады және де ағзаны қарап, зерттеуге мүмкіндік бар. Дегенмен кез келген аурудың алдын алып, сақтанған абзал. 30 бен 70 жас аралығындағы әйелдер 4 жылда 1 рет қаралуы тиіс.

Онкоскринингтер қатерлі дертті анықтау және алдын алу мақсатында жүргізіледі, сол себепті тұрақты түрде өтіп тұру керек.

Скринингтік зерттеулер, пациентті әрі қарай бақылау және емдеу шараларымен амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсететін ұйымдар айналысады, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем де бар.

Гломерулярлық сүзу жылдамдығы сынағы

Алдыңғы жазбада біз гипертония мен бүйрек аурулары арасындағы байланыс туралы әңгімелестік. Сонымен, нефрологқа жүгінудің тағы бір себебі – гломерулярлық сүзу жылдамдығы сынағы (скорость клубочковой фильтрации - СКФ). Бұл бүйректің жұмысын дәл көрсетеді. Биохимиялық қан анализіндегі креатинин деңгейін анықтау негізінде гломерулярлық сүзу жылдамдығы бағалауға мүмкіндік беретін арнайы формулалар бар. Олар амбулаториялық тәжірибе үшін ең ыңғайлы.