Қан анализін тапсыруға дайындық ережелері

Мүмкіндігінше, қанды ашқарынға (8 сағаттан кем емес және 14 сағаттан аспайтын уақыт ішінде аш болу, сусын – су, қалыпты тәртіпте) таңғы 8 бен 10 сағат аралығында тапсырған жөн, тапсырыс алдында шамадан тыс тамақтанбау.

Егер сіз кейбір дәрілік препараттарды қабылдап жүрсеңіз дәрігермен препараттарды қабылдау негізіндегі зерттеулерді жүргізудің жөнділігін, немесе зерттеу алдындағы препараттарды қабылдауды тоқтату жөнінде дәрігерден кеңес алу жөн.

Емшекпен емізудің артықшылықтары

Баланы емізу - баланың денсаулығы мен өмір сүруін қамтамасыз етудің ең тиімді әдістерінің бірі.

Емшек сүтінің энергетикалық құндылығы жаңа туған нәрестенің энергияға деген қажеттілігін толығымен қанағаттандырады. Емшек сүтінде нәрестенің өсуі мен дамуы үшін өте маңызды ферменттер, гормондар және басқа да биологиялық белсенді заттар бар.

Емханада кезекті акция – Донор күні өтті

Бүгін 2023 жылғы 4 тамызда №15 қалалық емханада кезекті акция – Донор күні өтті. Ол Астана қаласының Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Емхана қызметкерлері бұл бастаманы тағы да қолдап, донор болды. Дәрігерлер мен денсаулық сақтау мамандары басқа адамдардың өмірін сақтап қалу үшін үнемі қан тапсыру қаншалықты маңызды екенін түсінеді.

Дүниежүзілік бала емізу апталығы аясында жүкті әйелдер үшін ақпараттық-түсіндіру сұхбатын өткіздік

Бүгін 2023 жылғы 3 тамызда Дүниежүзілік бала емізу апталығы аясында №15 ҚЕ қызметкерлері жүкті әйелдер үшін ақпараттық-түсіндіру сұхбатын өткізді.

Бала емізу мәселелері бойынша - №15 ҚЕ медбикесі К. А. Умирзакова сөз сөйледі.

"Босанғаннан кейінгі депрессия" тақырыбы бойынша №15 ҚЕ психологы Ж. А. Алиакпарова сөз сөйледі.

"Вакцинация және вакцинациядан бас тартудың салдары" тақырыбы бойынша №15 ҚЕ медбикесі А. Т. Омарова сөз сөйледі.

Барлық тыңдаушылар барлық қызықтырған сұрақтарға жауап алды, сондай-ақ осы тақырып бойынша ақпараттық материал таратылды.

Емшек сүті - нәрестелер үшін мінсіз тағам екенін атап өткіміз келеді. Ол қауіпсіз, зиянсыз және көптеген жалпы балалық ауруларынан қорғауға көмектесетін антиденелерден тұрады. Ақуыздар, майлар, минералдар мен дәрумендер ему кезінде жақсы сіңеді.

Сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша сіз өзіңіздің дәрігеріңізден немесе медбикеңізден байланыса аласыз.

Дүниежүзілік бала емізу апталығы

2023 жылғы 1-7 тамызда Дүниежүзілік бала емізу апталығы ДДҰ, ЮНИСЕФ, көптеген елдердің денсаулық сақтау министрліктері, сондай-ақ азаматтық қоғам серіктестерінің қолдауымен өткізіледі. Дүниежүзілік бала емізу апталығы 2023 жылы емшек сүтімен және еңбек қызметімен үйлесімділікке арналады және баланы емізуге ықпал ететін, мысалы, кем дегенде 18 апта және жақсырақ 6 айдан астам жүктілік пен босану бойынша демалыс беру, сондай-ақ жұмысқа шыққаннан кейін жұмыс орнында тиісті жағдайлар жасау сияқты аналардың негізгі құқықтарын қорғау шараларын қолдау үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тамаша мүмкіндік болады. Бұл сұрақтар әйелдерге қажет деп санағанша емізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шешімді қажет етеді. Бүгінгі таңда аналықты қорғаудың негізгі шаралары жарты миллиардтан астам жұмыс істейтін әйелдер үшін қамтамасыз етілмеген, ал жұмысқа оралғаннан кейін қажетті қолдау ала алмайтын әйелдер саны одан да көп.