Республика күні қарсаңында

Республика күні қарсаңында №15 емхана қызметкерлері - учаскелік медбике, әлеуметтік қызметкер, психолог - тыл еңбеккері Нағима Мырзабаеваға (1936 жылы туған) сыйлық апарып, уақыт бөліп, шын жүректен сөйлесті. 2018 жылы оған Ақмола облысы Сандықтау ауданының 90 жылдығына орай «Өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін» төсбелгісі табыс етілді. Әже - көп балалы ана, 13 немересі бар.

Халықтың негізгі топтарына туберкулезге қарсы көмек көрсетубойынша семинар-тренинг

Салауатты өмір салтын насихаттау аясында біздің емхана туберкулез бойынша пациенттермен жұмыс істеу әлеуетін арттыру, халықтың негізгі топтарына туберкулезге қарсы көмек көрсету бойынша семинар-тренингке қатыстық. Тренинг соңында біздің дәрігер Зиедахон Искакова және медбике Тазагуль Уаисова оның өткендігі туралы сертификат алды.

Назар! Хабарландыру!

Біздің пациенттерге техникалық себептерге байланысты № 15 қалалық емхананың тіркеу телефондары жұмыс істемейтінін хабарлаймыз. Мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Түсінгені үшін пациенттерге алғыс айтамыз. Біз қазіргі уақытта қоңырау шалуға болатын нөмірлерді жариялаймыз.

Қандай аурулар кезінде сізге МӘМС мәртебесі керек болмайды?

БІЗГЕ ЖИІ СҰРАҚ ҚОЙЫЛАДЫ: "ЕГЕР МЕН МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛМАСАМ, БІРАҚ МЕНДЕ АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ/ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУ/ҚАНТ ДИАБЕТІ ЖӘНЕ Т.Б.. БОЛСА, МЕНІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКСІЗ ҚАЛДЫРУ МҮМКІН БЕ?"

БІЗ ЖАУАП БЕРЕМІЗ: "ЖОҚ!".

Ақпараттық «Предиабет» бюллетені

2 типті қант диабеті дамуының алдын алу бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру.