Егер сіз Damumed-тегі өз аккаунтыңыздың логиніңіз/құпиясөзіңізді ұмытып қалсаңыз не істеу керек?

Егер сіз Damumed-тегі өз аккаунтыңыздың логиніңіз/құпиясөзіңізді ұмытып қалсаңыз не істеу керек?

Алдымен қосымшаның басты экраны сол жақ жоғарғы бұрышындағы «Кіру» батырмасын басыңыз;

Содан кейін «Құпиясөзді ұмытып қалдыңыз ба?» батырмасын басыңыз;

«Логин» өрісінде өзіңіздің ЖСН-ды теріңіз;

Растау кодын сұратыңыз.

Әлеуметтік қызметкерлер күні

Қазақстанда қазанның соңғы жексенбісінде дәстүрлі түрде әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік мерекесі атап өтіледі.

Денсаулық сақтау жүйесінде әлеуметтік-медициналық жұмыс бұл денсаулықты қалпына келтіруге, сақтауға және нығайтуға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мультитәртіптік кәсіптік қызмет.

Қарттар денсаулығы мектебі

Бүгін, 26 қазанда біздің емханада «Қарттар денсаулығы мектебі» өтті. Сабақтың тақырыбы: қартайған кезде сәтті бейімделу аспектілері. Сабақты емхана мамандары Ж.Д. Төлебаева және Ж. Н. Абгаева жүргізді.

Республика күніне орай салтанатты жиналыс өтті

Бүгін №15 қалалық емханада Республика күніне орай салтанатты жиналыс өтті. Біздің қызметкерлерді - директордың емдеу бөлімі бойынша орынбасары Көбеген Нәбиұлы Дүйсебаев «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, №1 бөлімінің меңгерушісі Катира Арапқызы Дауылбаева «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін». Әріптестерімізді құттықтаймыз!

Назар! Хабарландыру!

Құрметті пациенттер, "Астана қаласы әкімдігінің № 15 қалалық емханасы" ШЖҚ МКК әкімшілігі 01.11.2022 жылдан бастап учаскелерді қайта ұйымдастыру туралы хабарлайды, осыған байланысты төменде көрсетілген мекенжайлар келесі учаскелерге бекітілетін болады:

1. Әзірбаев көшесі, 2 үй № 8 ЖПД учаскесіне бекітілетін болады

2. Қордай көшесі, 87 үй № 2 ЖПД учаскесіне бекітілетін болады

3. А 123 көшесі, 7 үй, 8 үй № 23 ЖПД учаскесіне бекітілетін болады