Қазақстан Республикасында жарақаттар кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған Жол картасының 13, 14, 15, 16-тармақтарын орындау мақсатында атқарылған ақпараттық-ағарту жұмысы туралы хабарлаймыз:
1) мектепке дейінгі балалар мекемелерінде және мектептерде жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың профилактикасы бойынша оқу сабақтары өткізілді;
2) жарақаттанудың алдын алу және алғашқы көмек көрсету тақырыптары бойынша оқыту семинарлары ұймдастырылды;
3) балалардың құқықтары туралы, жауапты ата-ананы насихаттау, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша тақырыптық буклеттер таратылды;
4) қауіпсіз жүргізу және жарақаттар мен жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы көмек көрсету тақырыптары бойынша жүргізушілерді оқыту бойынша семинар-тренинг өткізілді.
Біз ыстық кезінде ағзадағы терлеудің салдарынан су-тұз балансы бұзылады деп жаздық, сондықтан сізге суды көбірек ішуге кеңес береміз. Ыстықтың қауіптілігі тек дегидратация мен тұздардың жоғалуында ғана емес, сонымен қатар қанның қоюлануында. Қою қан тезірек коагуляцияланады.
Сізге құрамында тұзы бар аз минералданған суды ішуге кеңес береміз, себебі ол термен жоғалған тұзды толықтырады. Бұл дененің электролиттік тепе-теңдігін, яғни калий мен магнийді сақтайды. Бұл әсіресе артериялық гипертензиясы, қант диабеті, жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін, ми инсульті мен жүрек ырғағының бұзылу қаупі жоғары емделушілер үшін өте маңызды.
Айтпақшы, алкоголь мен темекі шегуден бас тартқан дұрыс. Олар тромбоз қаупін арттырады.
26 маусым - нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестің халықаралық күні.
Ол 1987 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының өз қызметін күшейтуге және есірткіні теріс пайдаланудан азат әлемдік қоғам құруға деген шешімінің көрінісі ретінде құрылды.
Мақсаты - есірткі құралдары, есірткіге ауыр тәуелділіктің пайда болуы және оларды қолданудың салдары туралы ақпаратты кеңінен тарату.
Тек осылай ғана жас ұрпақты осы апаттан қорғауға болады.
АМАНАТ партиясы біздің қызметкерлерге, акушер Махаббат Рамазановқа және ЖПД дәрігері Дінмұхаммед Қазтайға алғыс хат табыс етті. Рахмет!
Біздің қызметкерлерімізді Сыздықова Гүлнар Құдайбергенқызын «Денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және Шағраева Бақыт Мырзақызың «Денсаулық сақтау ісі» төсбелгісімен құттықтаймыз.