ТҰМАУМЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСУГЕ БОЛАДЫ?

Тұмау - кез-келген адам ауырып қалуы мүмкін жедел жұқпалы ауру. Тұмаудың қоздырғышы – ауру адамдар түшкіргенде және жөтелгенде қоршаған ортаға енетін вирус.

Көптеген адамдар жеңіл тұмаумен бірнеше күн ғана ауырады, бірақ кейбіреулері ауыр түрімен, кейде асқынулармен де ауырады.

Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу - бұл адам ағзасына ауру тудыратын вирустармен инфекцияның алдын алуға бағытталған шаралар кешені.

Профилактикалық қорғаныс әдістері спецификалық және спецификалық емес болып бөлінеді.

Тұмаудың спецификалық профилактикасы халықты жыл сайын вакцинациялау болып табылады.

Тұмау вирустары мутацияға бейім болғандықтан, вакцина жыл сайын түзетіледі.

Damumed қосымшасында еңбекке жарамсыздық парақтарын қарау

Сіздің еңбекке жарамсыздық парағыңыз Damumed қосымшасында онлайн қолжетімді!

Оны қалай табуға болады?

«Медкарта» қойындысын ашыңыз;

«Медициналық деректер» батырмасын басыңыз;

«Еңбекке жарамсыздық парақтары» опциясын таңдаңыз.

Біздің қосымшаны AppStore және PlayMarket арқылы жүктеп алуға болатынын естеріңізге сала кетейік.

Damumed пациент қосымшасындағы парақшаның құпиясөзін қалай өзгертуге болады?

Damumed сіз үшін қадамдық және егжей-тегжейлі нұсқаулық дайындадық. Онымен танысу үшін карусельді айналдырыңыз.

«Сөзден іске/Walk theTalk» дәстүрлі акциясы өтті

Астанада «Сөзден іске/Walk theTalk» дәстүрлі акциясы өтті. Оған біздің медицина қызметкерлері де қатысты.

Акцияның мақсаты - денсаулық құндылықтарын дәріптеу, дене белсенділігінің қажетті деңгейін сақтау, қоғамдық денсаулықты сақтау бойынша барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру.

Біздің медицина қызметкерлері жүлделі орындарға ие болды. Әйелдер командасы арқан тартыста бірінші, ал ерлер командасы армрестлингте үшінші орын алады.

Әріптестерімізді құттықтаймыз!

МӘМС ҮШІН КІМ ҚАНША ТӨЛЕМ ЖАСАЙДЫ?

2022 жылғы 1 қаңтардан 31 қазанға дейін МӘМС-ға жарналар мен аударымдар ретінде823,2 млрд теңге түсті.

Ең ірі төлем жасаушы мемлекет болып табылады – жеңілдікті санаттарға кіретін 11 млн азамат үшін жарналар осы кезеңде шамамен 300,9 млрд теңгені құрады.

Төлем жасаушылардың келесі үлкен санаты-жұмыс берушілер. Аталған кезеңде аударымдар түрінде олар 293,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Жалдамалы жұмысшылар, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша еңбек ететіндер, ЖК, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және дербес төлеушілер жалпы алғанда 227,8 млрд теңгеге жарналар төледі.

Жалдамалы жұмысшылар-193 млрд теңге

АҚС – 7,7 млрд теңге

ЖК – 19,9 млрд теңге

БЖТ төлеушілер – 1,5 млрд теңге

Дербес төлеушілер – 5,7 млрд теңге