ТҰЗДЫ ТҰТЫНУДЫ ҚАЛАЙ АЗАЙТУҒА БОЛАДЫ?

Тұзды көп тұтыну қан қысымының жоғарылауына әкеледі, сонымен қатар ағзаның басқа жүйелеріне теріс әсер етеді. Шамадан тыс тұздалған тамақтану инсульт, жүрек-қан тамырлары аурулары, бүйрек жеткіліксіздігі, асқазан қатерлі ісігі және т.б. қаупін арттырады.

Тұзды тұтынуды қауіпсіз деңгейге дейін төмендету үшін ас үлесіне құрамында тұзы көп тағамдарды азырақ қосу қажет.

Тренинг өткіздік

Қарау кабинетінің қызметкері Дәуренбек Қапарғазин мен жалпы тәжірибелік дәрігер, онкологиялық аурулар бойынша үйлестіруші Айнұр Қараулова қызметкерлерді тексеру және дәрігерге дейінгі кабинеттердің жұмысы және дәрігерлердің онкологиялық аурулар туралы ақпараттандыруы бойынша тренинг өткізді.

2023 жылға арналған МӘМС төлемдері

Астана әкімімен кездесу

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың «Алматы» ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге келгендер «ашық микрофон» форматында сұрақтарын қоя алды. Кездесу 3 сағаттан астам уақытқа созылды.

Әлеуметтік нысандарды, инженерлік желілерді, жолдарды, тротуарларды, аулаларды, қоғамдық орындарды салу және басқа да көптеген мәселелер талқыланды.

МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ БІР ЖЫЛҒА АЛДЫН АЛА САҚТАНДЫРЫЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН АЗАМАТТАР ҮШІН 5 ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

Егер 12 айға төлемдер әр түрлі күндерде жасалса, онда сақтандыру мәртебесі бірден емес, барлық төлемдер өңделгеннен кейін ғана беріледі

Төлемдер 3 жұмыс күні ішінде өңделеді

Егер 12 айдың бірінде дербес төлеуші ретінде емес, БЖТ төлемі ретінде жүргізілсе, онда мәртебе берілмейді. Алдын ала төлем жасау арқылы сақтандыру мәртебесі тек дербес төлеушілерге беріледі.

Егер сіз БЖТ-ны қате төлеген болсаңыз, онда төлемді "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы"КЕАҚ-ға жүгіну арқылы қайтарып ала аласыз.