Емханаға тіркелу уақыты

Бүгінгі күннен бастап Қазақстанда халықты емханаларға бекіту бойынша жыл сайынғы науқан басталды, ол 2020 жылғы 15 қыркүйектен бастап 15 қарашаға дейін созылады.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету (МСАК) ұйымдарына бекіту амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көрсету үшін негіз болып табылады. Олар: 1) аумақтық қолжетімділік; 2) МСАК ұйымын еркін таңдау; 3) МСАК маманын (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт, учаскелік педиатр) еркін таңдау; 4) Отбасылық қызмет көрсету; 5) меншік нысаны мен ведомстволық тиесілігіне қарамастан, МСАК ұйымдарының тең құқылығы және адал бәсекесі қағидаттарында жүзеге асыру принциптерінде орындалады.

18 жасқа толмаған баланы заңды өкілдері тіркеуге құқылы.

Азаматтарды МСАК ұйымдарына бекіту олардың сұранысы бойынша "электрондық үкіметтің"веб-порталы арқылы жүргізіледі. Бекіту кезеңінде бұрынғы МСАК ұйымынан бекітілу автоматты түрде шешіледі.

Емханаға тіркелуді таңдау құқығы жылына бір реттен артық берілмейді.

МӘМС

Егер сіз жұмыссыз қалып, дербес төлеуші ретінде МӘМС жарнасын төлей алмасаңыз, «сақтандырылған» мәртебеңізді жоғалтпайсыз. Себебі мемлекет медициналық сақтандыру үшін жарналарды «жұмыссыздар» санатын қоса алғанда, халықтың жеңілдік берілген 15 санаты үшін төлейді.

Мәртебеңізді сақтап қалу үшін:

— Жергілікті атқарушы орган жанындағы жұмыспен қамту орталығына хабарласыңыз;

— «Жұмыссыз» ретінде жеңілдік санатына тіркелу;

— Осылайша, мәртебеңіз келесі айдан бастап автоматты түрде «сақтандырылғанға» ауысады.

ЕГЕР СІЗ ЖАЛДАМАЛЫ ҚЫЗМЕТКЕР БОЛСАҢЫЗ, ЖАРНАНЫ СІЗ ТӨЛЕМЕЙСІЗ

— Жұмыс беруші МӘМС бойынша жарна төлеу үшін қызметкер жалақысының 1% -ын ұстайды
— Жұмыс берушінің өзі қызметкер жалақысының 2% мөлшерінде аударым жасайды.
— Жұмыс беруші қызметкерге ай сайын тиісті кезеңге тиесілі жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлама жіберіп, Қорға аударымдар жасалғаны туралы ақпарат беруге міндетті.

Төлем жасалмаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде, қызметкерге МӘМС пакеті аясында медициналық көмек көрсету тоқтатылады.

Диабеті бар пациенттерге жадынама

БЖТ салымшылары қалай сақтандырыла алады?