

Бүгін №15 қалалық емханада Pfizer (АҚШ) компаниясының COVID-19-ға қарсы Comirnaty (Комирнати) вакцинасымен вакцина жасау басталды.
Нұрсұлтан қаласының тұрғыны Шолпан Абдрахманова жұрттың бәріне жаппай вакцинациядан өтуге кеңес берді. Ол қызын алып келді.
"Вакцинацияға бірінші күні келдім, бәрі жақсы өтті, сондықтан енді қызымды алып келдім. Мен барлығына коронавирусқа қарсы вакцинациялауға кеңес беремін. Бұл балалардың болашағы, олардың денсаулығы, сондықтан КВИ жұқтырмас үшін вакцина алу қажет.Біз бүкіл отбасымызбен вакцинацияладық, мен де, жұбайым да, бәрі жақсы өтті, ешқандай жанама әсерлер болған жоқ", - деп кеңес берді ол.

1. Неліктен балаларды мектептерде вакцинацияламақшы? Онда қауіпсіздік жағдайлары қаншалықты қамтамасыз етілген? Суық тізбекке қойылатын талаптар сақтала ма?
Жасөспірімдерді вакцинациялау білім беру ұйымдарының егу пункттерінде жүргізіледі. Сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша вакцинацияны емханаларда жеке тәртіппен жүргізуге жол беріледі.
Ұйымдарда вакцинациялаудың мынадай артықшылықтары бар:
- салауатты орта (КВИ-ді қоса алғанда, респираторлық инфекция симптомдары бар ықтимал науқастармен қарым-қатынасты болдырмау);
- оқушылардың медициналық араласу фактісін психоэмоционалдық қабылдауы олардың таныс ортада жеңілдейді;
- өз баласын емханада вакцинациялауға әкелу үшін ата-аналарға жұмысқа бармаудың қажеті жоқ; бұл ретте қалауы бойынша ата-аналар жасөспірімді мектепте вакцинациялау кезінде қатыса алады;
- аш қарынға вакцинация жүргізбеу үшін жасөспірімдерді алдын ала тамақтандыру мүмкіндігі;
- психологтың болуын және мектеп оқушылары үшін таныс ортада онымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету мүмкіндігі;
- оқу орындарының педагогтары мен медицина қызметкерлері өз мектептерінің балаларын жақсы біледі, олардың болуы жасөспірімдердің психоэмоционалдық жағдайына жақсы әсер етеді.