КОРОНВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?
Вакцинация тұратын жері бойынша емханада жүргізіледі. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек.
Екпе салардың алдында сізден сауалнама, ерікті ақпараттандырылған келісім парағын толтыруды сұрайды және жадынама береді.
Дәрігер медициналық тексеру жүргізеді – дене қызуын, қан қысымын, сатурация және т.б. өлшейді.
Вакцинациядан кейін 30 минут дәрігердің бақылауында, содан кейін 3 күн учаскелік дәрігердің бақылауында боласыз.
Сізге вакцинациядан кейін өзіңізді нашар сезінген жағдайда қай жерге бару туралы ақпарат көрсетілген парақ беріледі.
Вакцинаның екінші дозасын бірінші вакцинациядан кейін 21 күннен соң аласыз. Вакцинациялау күні мен уақыты туралы СМС-хабарлама телефоныңызға бір тәуліктің ішінде келеді.
Жатыр мойны обыры алдын алуға болатын аурулар қатарына жатады. Себебі бұл дерттің даму қарқыны өте төмен, преинвазивті мерзімі ұзаққа созылады және де ағзаны қарап, зерттеуге мүмкіндік бар.
Дегенмен кез келген аурудың алдын алып, сақтанған абзал.
30 бен 70 жас аралығындағы әйелдер 4 жылда 1 рет қаралуы тиіс.
Онкоскринингтер қатерлі дертті анықтау және алдын алу мақсатында жүргізіледі, сол себепті тұрақты түрде өтіп тұру керек.
Скринингтік зерттеулер, пациентті әрі қарай бақылау және емдеу шараларымен амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсететін ұйымдар айналысады, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем де бар.