Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
 Сілтемеден өту 
 Сілтемеден өту 
 Сілтемеден өту 
 Сілтемеден өту 
Бүгiн бүкiл Қазақстан Елорда күнiн тойлайды. Осы мереке күнi шын жүректен барлықтарыңызға жақсылық, бейбiтшiлiк пен Отанымыз — Қазақстанымызға жаңа жетiстiктер тiлеймiз. Бiздiң Астана қаламыз гүлденiп, одан әрi көркейе берсiн, ал әрбiр отбасының өмiрi қуанышпен және ертеңгi күнге деген сенiммен толсын. Мерекелерiңiзбен!
Сібір жарасы – ерекше қауіпті инфекция, теріде және шырышты қабаттарда арнайы карбункулдардың пайда болуымен немесе ішек пен өкпеде қабыну-геморрагиялық өзгерістердің дамуымен сипатталады, ауыр интоксикация құбылыстарымен жүреді.
Сібір жарасы инфекциясының көзі – үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Ауру жануарға күтім жасау, мал сою, тұшаны бұзу, мал шаруашылығы өнімдерімен (қабық, тері, жүннен жасалған бұйымдар, жүн, қылшық) жанасу, қоздырғыштың тұқымдық споралары арқылы сібір жарасын жұқтыруы мүмкін. Сонымен қатар, инфекция жұқтырған шаңды, сүйек ұнын жұтқанда, жұқтырған жануардың шикі немесе термиялық өңделмеген етін жегенде немесе жәндіктердің шағуы арқылы (сона, шыбындар, масалар) пайда болуы мүмкін. Қауіптің тағы бір көзі – топырақ, дәлірек айтсақ, мал қорымдары.