Кез келген вакцинаны аларда адамның жасы өте маңызды. Вакцинацияның барынша тиімді болуы үшін, және оның ағзаға пайдалы әрі уақытылы болуы үшін Вакцинацияның ұлттық күнтізбесі жасалды. Қазақстан Республикасының вакцинация күнтізбесімен egu.kz сайтында толығырақ таныса аласыз.
Күнтізбе ― ұлттық денсаулық сақтау жүйесі ұсынған екпелер бар барлық инфекцияларға қарсы вакцинацияны өткізудің ерекше әмбебап кестесі. Вакцинация күнтізбелері түрлі мемлекеттерде әртүрлі болуы мүмкіндігін атап өту керек, әдетте бұл белгілі бір мемлекетте қолжетімді екпелердің санына байланысты.
Қазақстандықтардың арасында аллергиялық жағдайлар жиі тіркеледі. Олардың арасында маусымдық аллергиялық реакциялар бар.
Көктемде әдетте өсімдіктің мамығы мен тозаңына, шілдеде дала жусанына реакция пайда болады. Бірақ аллергия бұл өсімдіктердің гүлденуімен және өсуімен аяқталмайды, алғашқы суыққа дейін - қазан айына дейін созылады.
Осы маусымда аллергиямен қатар COVID-19 күшейе түсті, сондықтан пациенттер симптомдарды жиі шатастырады.
Аллергиялық ринит кенеттен мұрынның бітелуімен, көздің қызаруымен, жиі түшкірумен сипатталады.
Суықтың немесе COVID-19 белгілері әлсіздік, бас ауруы, қызба жағдайымен бірге жүреді, содан кейін ғана мұрынның ағуы және түшкіру пайда болады.