МӘМС ЕСЕБІНЕН КӨРСЕТІЛЕТІН СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК: КІМДЕР ЖӘНЕ ҚАНДАЙ КӨМЕК АЛАДЫ

МӘМС пакетімен қарастырылған стоматологиялық көмек тек балалар мен жүкті әйелдерге ғана тиесілі емес. Шұғыл стоматологиялық көмекті қажет болған жағдайда азаматтардың 9 түрлі санаты ала алады.

  • 18 жасқа дейінгі балалар;
  • жүкті әйелдер;
  • ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалар;
  • I, II, III, IV топтағы мүгедектер;
  • "Алтын алқа" және "Күміс алқа"алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
  • атаулы әлеуметтік көмекті алушылар;
  • жасы бойынша зейнеткерлер;
  • инфекциялық және әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастар;
  • ерекше назар аударуды талап ететін балаға немесе бала кезінен I - топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін қазақстандықтар.

МӘМС есебінен жасалатын МРТ: тексеруден кім және қалай өте алады?

Магнитті-резонанстық томография-бұл рентген аппараттары мен компьютерлік томографиядағыдай иондалған сәулеленуді емес магнит өрісі мен радио толқындарын қолданатын, инвазивті емес, заманауи, еш ауыртпалықсыз және зиянсыз жасалынатын  диагностикалық әдіс.

МРТ медициналық бейнелерді алуға және олардың көмегімен ісік дамуының аномалияларын, қабыну және дегенеративті, жарақаттан кейінгі және неопластикалық өзгерістерді визуалды диагностикалауға мүмкіндік береді.

Науқаста МРТ жасау үшін тиісті денсаулықтың көрсеткіштері және учаскелік дәрігердің жолдамасы болған жағдайда ол МӘМС есебінен жүргізіледі.

МӘМС ЕСЕБІНЕН В 12 ЖӘНЕ С ДӘРУМЕНДЕРІН АНЫҚТАУ

Көбінесе сараптама жасап, осы дәрумендерді анықтамай диагноз қойылмайды. Сондықтан тексеруге көрсетілімдер болған жағдайда әрбір сақтандырылған пациент сараптаманы МӘМС есебінен өте алады.

Учаскелік дәрігердің жолдамасы болуы қажет.

Мүгедектігі бар адамдарды сырттай куәландыру туралы

Стрептококты инфекция